Қазақстанның жартыжылдықтағы сыртқы сауда айналымы $45,6 млрд құрады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ақшалай эквивалентте 45 млрд 633,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1,7% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңдегі экспорттың көлемі 28 млрд 580,5 млн долларды (өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 1,6% төмендеген), импорт көлемі 17 млрд 052,7 млн долларды құрады (+7,9%).

Автор: Асхат Ахметов


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakstannyn-zhartyzhyldyktagy-syrtky-sauda-aynalymy-45-6-mlrd-kurady_a3556377”